Шотландиялық «Селтиктің» капитаны Каллум Макгрегор «Қайратқа» қарсы матч туралы пікір білдірді

Шотландиялық «Селтик» командасының капитаны Каллум Макгрегор Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы өткен кездесуден кейін пікір білдірді.
– Бәрінің қатты көңілі түсті. Бұл біз қалаған нәтиже емес. Ойын пенальти сериясына қарай бет алған еді, ал ол нағыз лотерея болуы мүмкін. Біз гол соғуға тым ұзақ талпындық. Бірнеше тамаша мүмкіндіктеріміз болды, бірақ соңына дейін жүзеге асыра алмадық.
Екі ойында да қарсыласқа лайық баға беру керек. Олар бар күшін салып қорғанды. Бұл сәттерге толы, ретсіздеу ойын болды. Бұдан арылуымыз қажет. Алдағы демалыста тағы бір маңызды ойын күтіп тұр. Әрине, біз Чемпиондар лигасында ойнағымыз келеді, бірақ бұл сәтсіздікті өте жылдам еңсеруіміз керек, – деді футболшы.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қайратты» тарихи жеңісімен құттықтады
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Селтикті» жеңіп, жалпы кезеңге шықты
Алматылықтар үш маңызды ойыншысынан айырылды