«Қайрат» Чемпиондар лигасына шығуын қалай тойлады

Алматылық «Кайрат» жанкүйерлеріне тарихи сәт сыйлап, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz. Қақпашы Темірлан Анарбековтың шешуші пенальтиді қайтаруы жеңістің басты сәтіне айналды, ойыннан кейін алаңға шыққан жанкүйерлер мен футболшылар қуанышты бірге бөлісті.
Сезімге толы мерекеге клуб президенті Қайрат Боранбаев та қосылды: ойыншылар оны қолдарына көтеріп, бірнеше рет әуеге лақтырды. Ал киім ауыстыратын бөлмеде бас бапкер Рафаэль Уразбахтин шәкірттеріне жігерлі сөз арнады: «Біз келісіп алғандай ойнадық, иә? Балалар, біз тарих жасадық! Ең бастысы — сену. Сенсең, бәрі де мүмкін. Елге үлкен қуаныш сыйладық — керемет!»
Бұл жетістікке жету оңай болмады: іріктеу кезеңінде «Кайрат» словениялық «Олимпияны» (3:1), финляндиялық КуПС-ті (3:2) және словакиялық «Слованды» (1:1, пен. 4:3) қапы қалдырды. Енді алматылық команданы Еуропаның ең мықты клубтарына қарсы жаңа сын күтіп тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или