Бинали Ульфанов келесі жекпе-жек күнін анықтады

Бинали Ульфанов келесі жекпе-жек күнін анықтады

Жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Бинали Ульфанов (4-0) келесі жекпе-жек күнін анықтап алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандық проспект өзінің кезекті айқасын 7 қыркүйек күні Алматыда өтетін OCTAGON 78 турнирінде өткізеді. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.

Ульфанов – OCTAGON лигасының өз тәрбиеленушісі. Дәл осы ұйымнан екі қазақстандық спортшы – Азат Максум мен Бекзат Алмахан тікелей UFC-ге жол тартқан болатын.

Айта кетейік, OCTAGON 78 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы вакантты чемпиондық белдік үшін қазақстандық Богдан Пшебельский (6-2) мен өзбек спортшысы Саидатахон Нуриддинов (8-3) күш сынасады.

OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или