Дархан Сатыбалды: «Қайраттың жеңісі – ел үшін мақтаныш»

Дархан Сатыбалды: «Қайраттың жеңісі – ел үшін мақтаныш»

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды футбол клубы «Қайратты» тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды  Prosports.kz.

26 тамыз күні Алматыда өткен қарымта ойында «Қайрат» Шотландияның «Селтигін» ұтып, алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған еді.

«Футбол клубы «Қайратты» тарихи жетістігімен – жеңісімен және УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққанымен құттықтаймын. Алматылық команда өз шеберлігін және жігерін көрсетті. Бұл – барша алматылықтарға қуаныш, бүкіл ел үшін мақтаныш. Клубқа алдағы уақытта да жеңістер мен Еуропа аренасындағы сәтті ойындар тілеймін», – деп жазды Дархан Сатыбалды Instagram желісінде.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Селтикті» жеңіп, жалпы кезеңге шықты

Алматылықтар үш маңызды ойыншысынан айырылды

«Қайраттың» Глазгодағы тарихи ойыны: британиялық БАҚ таңданысын жасырмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или