Каллум Макгрегор: «Бұл сәтсіздікті бірге еңсереміз»

«Селтик» жартылай қорғаушысы Каллум Макгрегор Чемпиондар лигасынан «Қайратқа» жол бергеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
26 тамыз, сейсенбі күні Алматыда өткен іріктеу финалының қарымта матчында «Қайрат» пенальти сериясында 3:2 есебімен жеңіске жетіп, алғаш рет топтық кезеңге шыққан еді.
«Әрине, біз басқа нәтижеге үміттендік. Бірақ «Қайраттың» екі ойында да мықты қорғана білгенін мойындау керек. Бізге сәл ғана жолымыз болмады. Чемпиондар лигасында ойнағымыз келетіні анық. Енді бұл көңілсіздікті тезірек ұмытып, бірлігімізді сақтап қалуымыз қажет», – деді Макгрегор.
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Селтикті» жеңіп, жалпы кезеңге шықты
Алматылықтар үш маңызды ойыншысынан айырылды
«Қайраттың» Глазгодағы тарихи ойыны: британиялық БАҚ таңданысын жасырмады