«Қайрат» бапкері: «Жігіттерге қарсылас күткен командалардың суретін көрсеттім»

«Қайрат» бапкері: «Жігіттерге қарсылас күткен командалардың суретін көрсеттім»

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққаннан кейін ойыншыларға қандай сөз айтқанын және оларды қалай жігерлендіргенін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.. Ол команда алдына ел біріншілігінде жеңіске жету, Кубокты алу және еурокубоктың топтық кезеңіне шығу міндеті қойылғанын атап өтті.

«Бір мақсат орындалды. Әрине, дәл Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығамыз деп ойламадық. Ең болмағанда Конференция лигасында ойнасақ дейтінбіз. Ал қазір тарих жасадық. Жігіттерге айттым: “Енді өзіміз бір істі бастап қойдық”. Қандай міндет күтіп тұрғанын уақыт көрсетер. Мен болжам жасағанды ұнатпаймын, бәрін жайлап, сатылап жасаған дұрыс. Әлі де өзімізді сонда екенімізге сенер емес­піз», – деді Уразбахтин.

Сонымен қатар одан топтық кезеңде қай клубпен кездескісі келетіні туралы сұрады. «Арман да емес еді. Бірақ бір әңгіме айтайын. Матч алдында ойыншыларға топтық кезеңде күтіп тұрған командаларды көрсетіп, қағазға шығарып, киім ауыстыратын жерге іліп қойдық. Қатардың бәрі – Еуропаның грандтары. Оны көргенде жігіттерге шабыт берсін дедім. Әрине, мүмкін бір-ақ рет берілетін осындай сәтте аты дардай клубтармен ойнағанды қалайсың. Егер Алматыда стадион Глазгодағыдай толса, тіпті арман болмас еді», – деді ол.

Айта кетейік, 26 тамыз күні «Қайрат» плей-оффта «Селтикті» пенальти сериясында ұтып, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Селтикті» жеңіп, жалпы кезеңге шықты

Алматылықтар үш маңызды ойыншысынан айырылды

«Қайраттың» Глазгодағы тарихи ойыны: британиялық БАҚ таңданысын жасырмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или