«Селтиктің» бас бапкері Брендан Роджерс Алматыдағы жеңілістің себебін түсіндірді

«Селтиктің» бас бапкері Брендан Роджерс Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Кайратпен» өткен жауапты ойынды қорытындылады. Кездесу пенальти сериясымен аяқталып, жеңіс қазақстандық клубқа бұйырды (0:0, пен. 3:2), деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жоқ, мен қанағаттанған жоқпын. Ойынның сапасы төмен болды, оның басты себебі – алаңның жағдайы. Біз бұл туралы матчқа дейін де айтқанбыз, және ол алаңдағы ойында анық байқалды. Әрине, нәтиже көңілден шықпады. Дегенмен, "Кайратты" топтық кезеңге өткендерімен құттықтаймын», — деді Роджерс.
Осылайша, «Кайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алса, шотландиялық команда енді ішкі біріншілік пен өзге еурокубоктық додаларға назар аударады.
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Селтикті» жеңіп, жалпы кезеңге шықты
Алматылықтар үш маңызды ойыншысынан айырылды
«Қайраттың» Глазгодағы тарихи ойыны: британиялық БАҚ таңданысын жасырмады