Мартынович: 38 жасымда «Қайратпен» Чемпиондар лигасына шығу – бұл ғажайып

«Қайраттың» қорғаушысы Александр Мартынович «Селтикке» қарсы өткен плей-оффтағы жауапты матчтан кейінгі әсерімен бөлісті (0:0, пен. 3:2), деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл тарихи жеңіс ойыншының туған күнімен тұспа-тұс келді.
«Әрине, ең жақсы сыйлық осы болды деп ойлаймын. Қазір эмоцияларды жинақтау оңай емес, бәрін толық түсініп үлгермедік, бірақ біз тарих жасай алдық. Жеке өзім үшін де — 38 жасымда "Кайратпен" Чемпиондар лигасына шығу – нағыз ғажайып», — деді ол.
Мартынович сондай-ақ пенальти кезіндегі сенімділікті атап өтті: «Серия алдында бапкер бізге: бұрышты таңдасаңдар — күмәнданбай соғыңдар деді. Ең бастысы — сеніммен орындау. Бәрі сенімді тепті, тіпті Валера да — допты айқышқа тигізсе де, сенімді соқты (күледі)».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или