«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қазіргі табысы жарияланды

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қазіргі табысы жарияланды

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығып, үлкен сенсация жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық клуб іріктеу кезеңінде словениялық «Олимпияны» (3:1 – жалпы есеп), финдік «КуПС» (3:2) және словакиялық «Слован» (1:1, пенальти сериясы - 4:3) жеңіп, плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикті» турнирден шығарды (0:0, пенальти сериясы - 3:2).

Чемпиондар лигасының тобына шыққаны үшін «Қайрат» 18,62 миллион еуро (11,6 миллиард теңге) табыс тапты. Жалпы кезеңде тағы қомақты қаржыны қазынаға салуға мүмкіндік бар: жеңіс үшін – 2,1 миллион еуро (1,3 миллиард теңге), тең ойын үшін – 700 мың еуро (436 миллион теңге).


Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Селтикті» жеңіп, жалпы кезеңге шықты

Алматылықтар үш маңызды ойыншысынан айырылды

«Қайраттың» Глазгодағы тарихи ойыны: британиялық БАҚ таңданысын жасырмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или