Бокс. Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: бокстан салмақ дәрежелері бекітілді

2025 жылы Бахрейнде өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан салмақ дәрежелері ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-іне сілтеме жасап.
Бәсекелер Exhibition World Bahrain көрме орталығында ұйымдастырылады. Жарысқа 2009–2010 жылы туған ұлдар мен қыздар қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.
Ұлдар: 46 келі, 50 келі, 54 келі, 60 келі, 66 келіге 75 келіге дейін және 80 келіден жоғары;
Қыздар: 46 келі, 50 келі, 54 келі, 60 келі, 66 келі, 75 келіге дейін және 80 келіден жоғары.
Жекпе-жектер үш раундтан тұрады. Әр раунд екі минутқа созылады. Раундтар арасында бір минуттық үзіліс болады. Жеңімпаздарды анықтау үшін Asian Boxing пен Азия Олимпиадалық кеңесі мақұлдаған электронды ұпай санау жүйесі қолданылады.
Айта кетсек, бастапқыда бокс бұл ойындардың бағдарламасына енгізілмеген еді. Алайда World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкиннің бастамасымен бұл спорт түрін тізімге қосу туралы шешім қабылданды. Бұл ұсыныс аймақта да, сондай-ақ Азия Олимпиадалық кеңесі мен Asian Boxing тарапынан да қолдау тапты.
Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары 2025 жылдың 22-31 қазан аралығында өтеді. Жарыстар 24 спорт түрінен ұйымдастырылып, 5000-нан астам спортшы бақ сынайды.
Англияда өтетін әлем чемпионатының жарыс кестесі белгілі болды