«Зенит» сырт алаңда «Оренбург» командасын жеңді

«Зенит» сырт алаңда «Оренбург» командасын жеңді

Ресей кубогының РПЛ жолының 3-ші турындағы ойында «Зенит» сырт алаңда «Оренбург» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Газович стадионында өткен ойын 5:3 есебімен петерборлықтардың пайдасына шешілді.

«Зенит» сапында Максим Глушенков дубль авторы атанса, пенальтиді орындаған Александр Ерохин, Дуглас Сантос және Матео Касьерра да бір голдан соқты.

Осылайша, «А» тобында 9 ұпаймен «Зенит» турнир кестесінде көш бастап келеді және Ресей кубогындағы келесі кездесуін 17 қыркүйекте өз алаңында «Ахматқа» қарсы өткізеді.

Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп «Зенит» жейдесінде алаңға негізгі құрамда шығып, кездесудің 83-минутында алаңнан кетті.


Қазақстан құрамасының қыркүйекте өтетін матчтарға шақырту алған нақты құрамы жарияланды

ҚПЛ шілде айының үздік бапкері мен ойыншысы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или