«Барыс» Ресейдегі турнирде «Магниткаға» есе жіберді

Астаналық «Барыс» Магнитогорск қаласындағы «Ромазан мемориалында» алғашқы кездесуін «Магниткаға» қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Михаил Кравец келесі құрамды алаңға шығарды: Шестаков (Шутов) - Бекетаев-Данияр, Әсетов-Өмірбеков-Қайыржан; Гайтамиров-Бреус, Ляпунов-Мұхаметов-Колесников; Королев-Решетко, Симонов-Шайхмедденов-Мұратов; Никитин-Оразов, Оспанов-Маңғысбаев-Гросс.
Алаң иелерінің екі голына қазақстандық клуб ең соңында Семен Симонов соққан бір голмен жауап берді. 2:1 - Магнитка басым түсті.
Ертең «Барыс» турнирдегі екінші ойынын Уфа Салават Юлаевқа қарсы өткізеді, басталуы сағат 15:00, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік бар.
Ромазан мемориалы 26-29 тамыз аралығында өтеді, оған төрт команда қатысуда - Барыс, Металлург, Салават Юлаев және Магнитка.
Әйгілі қақпашы «Барысқа» бапкер болып келуі мүмкін
«Барыстың» жаңа бапкерінің жалақысы белгілі болды
«Горняк» ел кубогындағы соңғы матчында қарсыласын тас-талқан етті