Қазақстандық мерген Азия чемпионатының финалында бақ сынады

Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында тағы бір отандасымыз ақтық сында бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда оқ атуда Елизавета Безрукова 8-сатыға жайғасты. Оның ұпай саны 401.3.
Отандасымыз финалға дейін өткен іріктеуде 584 ұпай жинап, үздік сегіз мергеннің қатарына кірген.
Қалған спортшыларымыздың іріктеудегі нәтижесі:
- Александра Ле 10-орын (584 ұпай)
- Арина Малиновская 29-орын (571 ұпай)
Осы жаттығуда командалық есепте Қазақстан әйелдер құрамасы 5-орыннан көрінді.
Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы стенд атудан күміс алды
Қазақстан спортшысы байдарка және каное есуден әлем чемпионатының финалына шықты
Миландағы әлем чемпионатында қазақстандықтар жартылай финалға шықты
Қазақстандық суда жүзуші әлем чемпионатының финалына жолдама алды