«Астананың» төрт легионері құрамаларына шақырылды

«Астананың» төрт легионері құрамаларына шақырылды

«Астананың» төрт легионерлері Иван Башич, Дритон Цамай, Кипрас Кажуколовас және Макс Эбонг қыркүйек айындағы ұлттық құрамаларының матчтарына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Иван Башич Босния және Герцеговина құрамасына қосылып, 6 қыркүйекте сырт алаңда Сан-Мариноға, ал 9 қыркүйекте өз алаңында Австрияға қарсы ойнайды

Дритон Цамай Черногорияға көмектеседі: 5 қыркүйекте үйде Чехиямен, 8 қыркүйекте қонақта Хорватиямен кездеседі.

Кипрас Кажуколовас Литва сапында 4 қыркүйекте өз алаңында Мальтамен, 7 қыркүйекте өз алаңында Нидерландымен ойнайды.

Макс Эбонг Беларусь құрамасына аттанып, 5 қыркүйекте сырт алаңда Грекиямен, 8 қыркүйекте өз алаңында Шотландиямен күш сынасады.

Барлық аталған ойындар 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтеді.

ҚПЛ: «Астана» мен «Қайсар» кездесуі қашан өтеді

«Селтик» бас бапкері Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді

«Реал» ойыншысы осы жазда клуб ауыстыруы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или