Алматылықтар үш маңызды ойыншысынан айырылды

Алматылықтар үш маңызды ойыншысынан айырылды

Белгілі қазақстандық маман Дмитрий Огай Prosports.kz сайтына Чемпиондар лигасындағы «Селтикке» қарсы кездесуге дейін «Қайраттың» ойыншыларына қатысты пікірі.

- Әрине, үлкен шығын. Заруцкий барлық матчтарда сенімді ойнайды. Анарбековта мұндай тәжірибе мен сенімділік жоқ. Бұл мүлдем басқа деңгей және оңай болмайды. Заруцкий қазірдің өзінде жақсы және сенімді ойнады.

Дастан Сәтпаев туралы айтатын ештеңе жоқ. Ол 17 жастағы жас жігіт, жеткілікті деңгейде сенімді ойнайды, ішкі чемпионатта және Чемпиондар лигасында гол соқты. Әрине, ол қазірге жасына қарамастан сәттерді жүзеге асыра алатын ойыншы. Эдмилсонның да болмайтынын ескерсек, жаттықтырушылар штабында оларды ауыстыру үшін көп жұмыс болғалы тұр.

Зарияның қатарға қослығанын естідім, бірақ оның қандай формада екенін білмеймін, өйткені ол соңғы ойындарды өте жарқын өткізбеді – сәтсіздікке ұшырады және іс жүзінде ойнаған жоқ. Тәжірибесі жоқ жастарды алмастыра алатын Юг Станоев бар, - деді «Қайрат» ардагері.

Қос команда арасындағы матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен түнгі сағат 21:35 уақытында басталады. Бұл кездесуді Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

«Қайраттың» Глазгодағы тарихи ойыны: британиялық БАҚ таңданысын жасырмады

«Қайрат» Шотландияда өткен матчта «Селтикпен» тең ойнады

«Қайрат» «Селтикке» қарсы ойын алдында жаттығу өткізді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или