«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы маңызды матч қарсаңында қатардан шығып қалды

«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы маңызды матч қарсаңында қатардан шығып қалды

Алматылық «Қайрат» клубының бразилиялық шабуылшысы жаттығу кезінде жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бразилиялық шабуылшы Эдмилсон жаттығу кезінде жарақат алып қалған. Оның алдағы ойынға қатысуы әзірге белгісіз.

Ал қорғаушы Луиш Мата дәрігерлік штабтың рұқсатымен алаңға шығуға дайын. Ол ауырсынуды басатын дәрілердің көмегімен ойнамақ.

Бұған дейін алматылықтар Александр Заруцкий мен Гиорги Зария ойынға қатыса алмайтынын мәлімдеген еді.

Дастан Сәтпаев дисквалификацияға байланысты кездесуге қатыспайды. Сарапшылар бүгінгі ойынға қатысты қос команданың да жеңіске деген мүмкіндігі 50/50 деп бағалап отыр.

ҚПЛ: «Астана» мен «Қайсар» кездесуі қашан өтеді

«Селтик» бас бапкері Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді

«Қайрат» бас бапкері ертеңгі «Селтикке» қарсы матч алдында пікір білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или