«Реалдың» басты жоспары – Мбаппе мен Холандты біріктіру

«Реалдың» басты жоспары – Мбаппе мен Холандты біріктіру

Мадридтің «Реалы» «Манчестер Ситимен» ойыншылар алмасу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

БАҚ мәліметінше, келісім аясында бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор ағылшын клубына ауысуы мүмкін, ал «Сити» форварды Эрлинг Холанд Мадридке жол тартпақ.

Корольдік клубтың басты мақсаты – Холанд пен Килиан Мбаппені бір шабуыл сызығында біріктіру.

Еске салайық, 2024/25 маусымында Винисиус 58 матч өткізіп, 22 гол соқты және 19 нәтижелі пас берді. Оның трансферлік құны 170 миллион еуроға бағалануда.

Ал Холанд өткен маусымда 48 ойынға қатысып, 34 гол және 5 нәтижелі пасымен көзге түсті. Норвегиялық футболшының нарықтық бағасы – 180 миллион еуро.

Родриго «Реалдан» кетуге шешім қабылдап, агенттеріне жаңа клуб іздеуді тапсырды

«Реал» ойыншысы осы жазда клуб ауыстыруы мүмкін

Роналду футбол тарихындағы ерекше жетістікке қол жеткізді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или