«Қайрат» пен «Селтик» Алматыда плей-оффтың жауапты кездесуін өткізеді

«Қайрат» пен «Селтик» Алматыда плей-оффтың жауапты кездесуін өткізеді

26 тамыз, сейсенбі күні алматылық «Қайрат» өз алаңында Шотландияның «Селтигін» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос команда арасындағы матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен түнгі сағат 21:35 уақытында басталады. Бұл кездесуді Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сондай-ақ осы күні Кипрдің «Пафосы» Сербияның «Црвена Звездасымен» кездеседі.

Сәрсенбіде үш ойын өтеді: Әзірбайжанның «Карабахы» Венгрияның «Ференцварошына» қарсы ойнаса, Жозе Моуринью баптайтын «Фенербахче» Португалияда «Бенфикаға» қонаққа барады. Ал Бельгияның «Брюггесі» Шотландияның «Рейнджерсімен» күш сынасады.

Екі матчтық текетіресте жеңіске жеткен командалар Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алса, жеңілгендер Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынайды.

«Қайраттың» Глазгодағы тарихи ойыны: британиялық БАҚ таңданысын жасырмады

«Қайрат» Шотландияда өткен матчта «Селтикпен» тең ойнады

«Қайрат» «Селтикке» қарсы ойын алдында жаттығу өткізді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или