«Вуэльта-2025»: төртінші кезең Италиядан Францияға дейін өтеді

«Вуэльта-2025»: төртінші кезең Италиядан Францияға дейін өтеді

26 тамыз күні «Вуэльта-2025» көпкүндік веложарысының төртінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Орташа таулы маршрут ұзындығы 206,7 шақырымды құрап, Италияның Суза қаласынан Франциядағы Вуаронға дейін жалғасады.

Кезеңнің басталуы Астана уақытымен 14:43-ке жоспарланған. Жарыстың тікелей трансляциясын Okko платформасынан көруге болады.

Үш кезеңнен кейінгі жалпы есепте көшбасшылықты Дания өкілі Йонас Вингегор (Visma | Lease a Bike) сақтап тұр – 10:55.36. Екінші орында француз Давид Годю (Groupama – FDJ), оның уақыты да дәл сондай. Үздік үштікті италиялық Джулио Чикконе (Lidl – Trek) түйіндеп тұр.

Алғашқы ондықтағы жағдай:

  1. Йонас Вингегор (Дания, Visma | Lease a Bike) – 10:55.36

  2. Давид Годю (Франция, Groupama – FDJ) – сол уақыт

  3. Джулио Чикконе (Италия, Lidl – Trek) – +0:08

  4. Эган Арли Берналь (Венесуэла, INEOS Grenadiers) – +0:14

  5. Томас Пидкок (Ұлыбритания, Q36.5 Pro Cycling) – +0:15

  6. Джей Хиндли (Австралия, Red Bull – BORA – hansgrohe)

  7. Сантьяго Буитраго (Венесуэла, Bahrain – Victorious)

  8. Маттео Йоргенсон (АҚШ, Visma | Lease a Bike)

  9. Хуан Аюсо (Испания, UAE Team Emirates – XRG)

  10. Валентин Паре-Пинтре (Франция, Soudal Quick-Step)

    Харольд Техада «Испания Вуэльтасының» үшінші кезеңінде 20-орын алды

    «Астана» шабандозы «Романдия турының» екінші кезеңінде жеңімпаз атанды

    «Астана» шабандозы «Норвегия Арктикалық жарысының» үшінші кезеңінде топ-3 қатарына енді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или