«Вуэльта-2025»: төртінші кезең Италиядан Францияға дейін өтеді
 
                  26 тамыз күні «Вуэльта-2025» көпкүндік веложарысының төртінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Орташа таулы маршрут ұзындығы 206,7 шақырымды құрап, Италияның Суза қаласынан Франциядағы Вуаронға дейін жалғасады.
Кезеңнің басталуы Астана уақытымен 14:43-ке жоспарланған. Жарыстың тікелей трансляциясын Okko платформасынан көруге болады.
Үш кезеңнен кейінгі жалпы есепте көшбасшылықты Дания өкілі Йонас Вингегор (Visma | Lease a Bike) сақтап тұр – 10:55.36. Екінші орында француз Давид Годю (Groupama – FDJ), оның уақыты да дәл сондай. Үздік үштікті италиялық Джулио Чикконе (Lidl – Trek) түйіндеп тұр.
Алғашқы ондықтағы жағдай:
-  Йонас Вингегор (Дания, Visma | Lease a Bike) – 10:55.36 
-  Давид Годю (Франция, Groupama – FDJ) – сол уақыт 
-  Джулио Чикконе (Италия, Lidl – Trek) – +0:08 
-  Эган Арли Берналь (Венесуэла, INEOS Grenadiers) – +0:14 
-  Томас Пидкок (Ұлыбритания, Q36.5 Pro Cycling) – +0:15 
-  Джей Хиндли (Австралия, Red Bull – BORA – hansgrohe) 
-  Сантьяго Буитраго (Венесуэла, Bahrain – Victorious) 
-  Маттео Йоргенсон (АҚШ, Visma | Lease a Bike) 
-  Хуан Аюсо (Испания, UAE Team Emirates – XRG) 
-  Валентин Паре-Пинтре (Франция, Soudal Quick-Step) Харольд Техада «Испания Вуэльтасының» үшінші кезеңінде 20-орын алды «Астана» шабандозы «Романдия турының» екінші кезеңінде жеңімпаз атанды «Астана» шабандозы «Норвегия Арктикалық жарысының» үшінші кезеңінде топ-3 қатарына енді