«Барыс» Магнитогорскідегі турнирді жаңа капитанмен бастайды

26 тамыз күні «Барыс» хоккей клубы Магнитогорскіде өтетін дәстүрлі «Ромазан мемориалы» турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астаналықтар алғашқы ойынын бұрынғы Гагарин кубогының иегері «Металлургтың» фарм-клубы саналатын «Магниткаға» қарсы өткізеді.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, «Барыс» бұл жарысқа толық құрамда қатыспайды. Жаңа ойыншылардың ішінде жаттықтырушылар Эмиль Галимовты, Дмитрий Бреусты және Майкл Веккьонені сынақтан өткізбек. Ал қалған легионерлер әзірге Астанада дайындалып, құжаттарының рәсімделуін күтуде.
Алдағы матчта астаналықтардың капитаны болып Әділ Бекетаев тағайындалды.
Әйгілі қақпашы «Барысқа» бапкер болып келуі мүмкін
«Барыстың» жаңа бапкерінің жалақысы белгілі болды
«Горняк» ел кубогындағы соңғы матчында қарсыласын тас-талқан етті