«ПСЖ» қақпашысы басқа клубқа ауысқалы жатыр

«ПСЖ» қақпашы Матвей Сафоновтың басқа клубқа ауысуына келісім берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңа клубтың атауы мен мәміленің толық шарттары әзірге жарияланған жоқ. Бұған дейін Le Parisien басылымы 26 жастағы қақпашының 2025/26 маусымын Париж клубында өткізуді жоспарлап отырғанын жазған еді.
Сафонов «ПСЖ» сапына 2024 жылдың шілдесінде қосылды. Осы уақыт ішінде ол командамен бірге Франция чемпионы атанып, ел Кубогы мен Суперкубогын, сондай-ақ Чемпиондар лигасы мен УЕФА Суперкубогын жеңіп алды. Қақпашының келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 20 миллион еуроға бағалайды.
Лукас Васкес карьерасын «Байерде» жалғастырады
Родриго «Реалдан» кетуге шешім қабылдап, агенттеріне жаңа клуб іздеуді тапсырды