Лукас Васкес ресми түрде «Байерге» өтпек

Лукас Васкес ресми түрде «Байерге» өтпек

Мадридтік «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Лукас Васкес карьерасын Германияда жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, 34 жастағы испандық футболшы «Байермен» келісімге келіп, медициналық тексерістен өтті. Ойыншының ресми таныстырылымы алдағы уақытта жарияланбақ.

Васкес биыл жазда «Реалдан» кетті. Ол мадридтік клуб сапында бүкіл мансабын өткізіп, 402 матчқа қатысып, 23 трофей иегері атанды. Оның ішінде бес мәрте Чемпиондар лигасын, төрт рет Испания чемпионатын және Кубок Испанияны жеңіп алған. Футболшы 2010 жылдан бері «Реал» жейдесін киіп, бірнеше рет капитандық міндет атқарды.

Өткен маусымда Васкес 53 ойында алаңға шығып, екі гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

«Реал» ойыншысы осы жазда клуб ауыстыруы мүмкін

«Қайрат» бас бапкері ертеңгі «Селтикке» қарсы матч алдында пікір білдірді

Родриго «Реалдан» кетуге шешім қабылдап, агенттеріне жаңа клуб іздеуді тапсырды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или