35 мың орындық арена: Алматыда құрылыс келесі жылы басталады

35 мың орындық арена: Алматыда құрылыс келесі жылы басталады

Алматыда 35 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионы салынбақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық деңгейдегі арена УЕФА-ның төртінші санат стандарттарына толық сәйкес болады.

Жобада негізгі алаңмен қатар жаттығу базалары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары және заманауи қауіпсіздік жүйелері қарастырылған. Стадион Күлжін және Талғар трактілері арасындағы 15 гектарға жуық аумақта бой көтереді. Нысан маңында көлік-логистикалық торап құрылып, ол қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы болмақ.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жобамен танысып, жұмысты жеделдету қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, құрылыс-монтаждау жұмыстары келесі жылы басталады.

«Қайрат» «Селтикке» қарсы ойын алдында жаттығу өткізді

Қазақстан құрамасының нақты құрамы жарияланды

ҚПЛ: «Астана» мен «Қайсар» кездесуі қашан өтеді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или