Қазақстанның екінші ракеткасы US Open-де келесі кезеңге өтті

Қазақстандық теннисші, елдің әйелдер арасындағы екінші ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазіргі уақытта Путинцева WTA рейтингінде 55-орында тұр.
Алғашқы айналымда ол әлемдік тізімде 85-орында тұрған италиялық Элизабетта Кочареттомен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 6:4, 7:6 (7:4). Бірінші партияда қазақстандық спортшы 1:4 есебімен ұтылып жатқанымен, қатарынан бес гейм ұтып, матчтың бағытын өз пайдасына бұрды.
Кездесу 1 сағат 56 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Путинцева бірде-бір эйс жасамады, екі қос қателік жіберді және 10 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды.
US Open турнирінің екінші айналымында Юлия Путинцева ресейлік Анна Калинская мен америкалық Клерви Нгунудың арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.
Серб теннисшісі теннис тарихындағы бірегей рекорд орнатты
US Open: Әлем үздіктерінің бірі бірінші айналымда турнирмен қоштасты