Елена Рыбакина Нью-Йорктегі алғашқы матчын жеңіспен аяқтады

Елена Рыбакина Нью-Йорктегі алғашқы матчын жеңіспен аяқтады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы матчын сәтті өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Рыбакина 16 жастағы америкалық Джульетта Парехамен кездесті. Қарсыласы әлемдік рейтингте 338-орында тұрғанымен, ITF нұсқасы бойынша жасөспірімдер арасында бірінші ракетка болып саналады. Отандасымыз матчты сенімді түрде 6:3, 6:0 есебімен аяқтап, турнирдің екінші кезеңіне жолдама алды.

Өткен жылы Рыбакина US Open жарысында сәтсіз өнер көрсеткен еді. Ол алғашқы ойында австралиялық Дестани Айаваны 6:1, 7:6 есебімен ұтқанымен, екінші айналымда франциялық Джессика Поншемен кездесу алдында денсаулығына байланысты турнирден шығып қалған еді.

Серб теннисшісі теннис тарихындағы бірегей рекорд орнатты

US Open: Әлем үздіктерінің бірі бірінші айналымда турнирмен қоштасты

Рыбакина WTA рейтингіндегі орнын сақтап қалды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или