Бразилиялық шабуылшы «Реал Мадрид» сапынан кететін болды

Бразилиялық шабуылшы «Реал Мадрид» сапынан кететін болды

«Реал Мадридтің» бразилиялық шабуылшысы Родриго клубтағы болашағына қатысты түпкілікті шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Athletic тілшісі Марио Кортегананың мәліметінше, футболшы жазғы трансфер кезеңі аяқталғанға дейін мадридтік клубтан кетуді жоспарлап отыр.

Дереккөздің ақпараты бойынша, Родриго өз өкілдеріне жақын уақытта карьерасын жалғастыруға жаңа нұсқалар іздеуді тапсырған. Бұған дейін оған «Тоттенхэм» және «Ливерпуль» клубтары қызығушылық танытқан болатын.

Өткен маусымда шабуылшы барлық турнирде 54 ойын өткізіп, 14 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін есептелген.

«Реал» ойыншысы осы жазда клуб ауыстыруы мүмкін

«Динамо» басшысы Зайнутдиновтың ауысуына пікір білдірді

Неймардың жарақаты Бразилияға кедергі болуы мүмкін


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или