Қазақстандық боксшы ару әлем чемпионының бос титулы үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман (8-0, 6 КО) 5 қыркүйек күні Universal Boxing Organization (UBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионының бос титулы үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қарсыласы үндістандық Мамта Сингх (8-2-1, 5 КО) болады. Спортшылар екінші жеңіл салмақта күш сынасады. Жекпе-жек Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.
Еске салайық, қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткен бокс кешінде өткізген. Сегіз раундқа созылған айқаста Мұздыман филиппиндік Мария Тереза Пинилиді (7-2, 2 КО) төрешілердің бірауыздан қыбалдаған шешімімен жеңген болатын.
Англияда өтетін әлем чемпионатының жарыс кестесі белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или