Брендан Роджерс қазақ футболының болашағы Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді

«Селтик» бас бапкері Брендан Роджерс Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі алматылық «Қайратқа» қарсы жауапты матч алдындағы баспасөз мәслихатында 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевтың жоқтығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ол керемет ойыншы. Оны көруге келген «Челсидің» өкілімен байланыста болдым. Иә, ол мықты футболшы. Бірақ «Қайрат» құрамында басқа да жақсы ойыншылары бар күшті команда. Біз «Қайратқа» жеке бір ойыншы ретінде емес, тұтас қарсылас ретінде дайындалуымыз керек. Қарсыласымызға толықтай құрметпен қараймыз», - деді Роджерс.
Айта кетейік, Сәтпаев бұл кездесуді дисквалификацияға байланысты өткізіп алады. Жауапты ойын 26 тамыз күні Алматыда, Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.
Шотландиялық БАҚ «Қайрат» футболшыларын айыптады
Ферапонтов: «Қайрат» пен «Селтиктің» мүмкіндігі тең
«Қайраттың» Глазгодағы тарихи ойыны: британиялық БАҚ таңданысын жасырмады