ҰОК өкілі мен Халықаралық желкенді қайық федерациясының кеңес мүшесі Малов Шрофф кездесу өткізді

ҰОК өкілі мен Халықаралық желкенді қайық федерациясының кеңес мүшесі Малов Шрофф кездесу өткізді

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде Азия желкенді қайық спорты федерациясының президенті, Халықаралық желкенді қайық спорты федерациясының кеңес мүшесі Малав Шроффпен кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесуге Қазақстан ҰОК-нің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, Қазақстан желкенді қайық спорты федерациясының вице-президенті Мақсұт Нарбаев және Қазақстан ҰОК Спорт департаментінің директоры Бектұр Қиятбай қатысты.

Тараптар Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде желкенді спортты дамыту мәселелерін қарастырды. Малав Шрофф бұл спорт түрін аймақта одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, халықаралық деңгейдегі мамандарды тарта отырып, Орталық Азия елдерінің командалары үшін оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар Астанада өтетін олимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық турнирлерге ерекше назар аударылды. Бұл жарыстар шетелдік спортшылардың, соның ішінде Үндістаннан келген қатысушылардың да қызығушылығын тудырып отыр.

Малав Шрофф сапар барысында Алматыға және Қапшағай су қоймасына баруды жоспарлап отыр. Онда желкенді спорттан жарыстар ұйымдастырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или