Астанада шорт-тректен ел біріншілігі өтеді

Астанада шорт-тректен ел біріншілігі өтеді

Астанада 11-15 қыркүйек аралығында шорт-тректен жеке қашықтық бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Республикалық біріншілік арқылы алдағы халықаралық додаларға, жаңа маусымға қатысатын құрам жасақталады.

«Биылғы чемпионатта еліміздің 10 өңірінен 100-ден астам спортшы бақ сынайды. 

Қатысушылар арасында бүгінде Ұлттық құрама сапында әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген шорт-трекшілеріміз де бар. Атап айтсақ, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Алина Ажғалиева, Мадина Жанбусинова, Ольга Тихонова.

Енді күзден бастап 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін қажетті ұпай жинайтын лицензиялық жарыстар басталады», - деді шорт-тректен мемлекеттік жаттықтырушы Азамат Алиев Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Қазақстан спортшысы байдарка және каное есуден әлем чемпионатының финалына шықты

Миландағы әлем чемпионатында қазақстандықтар жартылай финалға шықты

Қазақстандық суда жүзуші әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или