Қазақстандық жас балуандар әлем чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды

Қазақстандық жас балуандар әлем чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды

17–24 тамыз аралығында Болгарияның Самоков қаласында жастар арасында (U20) әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстан құрамасы әлемдік додада 1 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль иеленді.

Еркін күресте Едіге Қасымбек (125 кг) тарихи жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар Камиль Куруглиев (92 кг) күміс жүлде иеленсе, Нурданат Айтанов (57 кг), Самир Дурсунов (97 кг) және Құл Ғайып Досжан (74 кг) қола медаль алды. 

Әйелдер күресінде Анна Стратан (57 кг) қола жүлде жеңіп алды.

Грек-рим күресінде Диас Сейткалиев (82 кг) күміс, ал Арсен Жұма (55 кг), Юсуф Ашрапов (72 кг) және Темірлан Турдақын (87 кг) қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Арсен Жұма грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан 18 жасында әлемнің вице-чемпионы атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или