Рафаэль Уразбахтин ертеңгі матч алдында өз ойымен бөлісті
Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің финалдық мәресінде «Қайрат» өз алаңында Шотландияның «Селтигін» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын алдындағы баспасөз мәслихатында алматылық клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қарсылас туралы ойымен бөлісті:
«Алғашқы матчта «Селтик» бізді дұрыс бағаламады. Енді қарымтада олар мүлде басқа деңгейін көрсетеді. Соған дайын болуымыз керек. «Селтиктің» бір ойыншысы біздің жалпы құрам бағасымен бірдей. Олардың кез келген ойыншысы қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан бір ойыншыға емес барлық командаға қарсы ойнаймыз», - деді ол.
Сонымен қатар, Уразбахтин Дастан Сәтпаевтың ойынға қатыса алмауына тоқталды:
«Дастанның алаңға шыға алмайтынына қатты қынжылғанын жасырмаймын. Екі күн ешкіммен сөйлеспей, оқшауланып қалды. Бірақ өткен істі өзгерте алмаймыз. Бұл жағдайдан сабақ алып, әрі қарай шыңдала түсуіміз керек», — деді бас бапкер.
Айта кетейік, Шотландияда өткен алғашқы кездесу 0:0 есебімен тең аяқталған болатын.
«Қайрат» жұлдызы «Селтикке» қарсы ойын жайлы пікір білдірді