Дмитрий Панарин бадминтоннан Камерунда өткен турнирде күміс жүлдегер атанды

Дмитрий Панарин бадминтоннан Камерунда өткен турнирде күміс жүлдегер атанды

Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерун астанасы Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетті.

Ерлер арасындағы жекелей сайыстың шешуші ойынында қазақстандық спортшы Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен кездесті.

Кездесу қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды.

Осылайша, Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады. 

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или