Испания чемпионатының 2-турында сенсациялар мен ірі жеңістер тіркелді

Испания чемпионатының екінші турында бірқатар қызықты кездесулер өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жұма күні «Бетис» өз алаңында «Алавесті» 1:0 есебімен жеңді.
Сенбіде мадридтік «Атлетико» «Эльчемен» тең түсті — 1:1. «Барселона» сырт алаңда «Левантеге» қарсы матчта 0:2 есебімен қалып қойса да, сенімді камбэк жасап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Арсен Захарян ойнаған «Реал Сосьедад» «Эспаньолмен» 2:2 есебінде аяқтады.
«Вильярреал» болса, «Жиронаны» ірі есеппен ұтты — 5:0.
Бүгін түнгі сағат 00:30 уақытында мадридтік «Реал» сырт алаңда «Овьедомен» кездеседі.
Чебуриннің тактикалық өзгерісі «Жальгириске» ұпай әкелді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или