22-турдағы сенсациясыз матч: «Ақтөбе» өз алаңында «Жетісуды» тоқтатты

Қазақстан Премьер-лигасының 22-туры аясында өткен кездесуде «Ақтөбе» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» 3:2 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч басында алаң иелері айқын басымдық танытты. Артем Шушеначев 36 және 51-минуттарда дубль авторы атанып, есепті 2:0 етті. Кездесудің соңғы минуттары шиеленіске толы болды. Алдымен 88-минутта қонақтар сапынан Закир Мұхаметханов пенальтиден гол соқты. Дәл 90-минутта Умару Арбо «Ақтөбенің» үшінші голын енгізді.
Қосымша уақытта «Жетісу» тағы бір мәрте шабуылын сәтті аяқтап, Серж Асқаров 90+4-минутта есепті қысқартты. Алайда «Ақтөбе» қорғаныста сауатты ойнап, жеңісті уысынан шығарған жоқ.
Осылайша, ақтөбеліктер чемпионаттың 22-туры аясында маңызды үш ұпай еншілеп, турнирлік кестеде 4-орынға көтерілді. Ал «Жетісу» 20 ұпаймен 10-орында.
Зайнутдиновтың клубы үш ойында қатарынан рекорд орнатты
Қазақстан құрамасының қақпашысы Әзірбайжанда клубына жеңіс әкелді