Мария Шарапова мансабындағы басты марапаттарының бірін иеленді

Мария Шарапова Халықаралық теннис даңқ залының мүшесі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
38 жастағы бұрынғы теннисші ресми түрде даңқ залына қабылданды. Ол – Ресей тарихындағы ең титулды теннисші. Шарапова спорттық мансабында WTA турнирлерінде 39 рет жеңіске жетті, оның 36-сын жекелей сында иеленген. Сондай-ақ, бес мәрте «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеңімпазы атанып, 2004 жылы WTA маусымдық чемпионатын да ұтты. Ол кәсіби мансабын 2020 жылы аяқтады.
Қазіргі таңда Халықаралық теннис даңқ залының тізімінде 28 елден 270 спортшы тіркелген.
Қазақстандық теннисші WTT Feeder турнирінде үздік үштікке кірді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или