Самоковтағы әлем біріншілігі: қазақстандықтар төрт жүлдемен оралды

Самоковтағы әлем біріншілігі: қазақстандықтар төрт жүлдемен оралды

Қазақстан грек-рим күресінен 2025 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дода Болгарияның Самоков қаласында өтті.

87 келіге дейінгі салмақта белдескен Темірлан Тұрдақын қола жүлде иегері атанды. Ол шешуші кездесуде әзербайжандық Орхан Физули Гаджиевті жеңіп, тұғырдан көрінді.

Ал 63 келі салмақта сынға түскен Дамир Ибрашов қола үшін белдесуде ресейлік Игорь Пунченкодан 1:5 есебімен ұтылып, бесінші орынға табан тіреді.

Жалпы алғанда, Қазақстан құрамасының қоржынына төрт медаль түсті:

Күміс – Диас Сейтқалиев (82 кг)

Қола – Арсен Жұма (55 кг)

Қола – Юсуф Ашрапов(72 кг)

Қола – Темірлан Тұрдақын (87 кг)

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Арсен Жұма грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан 18 жасында әлемнің вице-чемпионы атанды



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или