Стас Покатилов жаңа маусымды жеңіспен бастады

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов қорғаған «Сабах» Әзірбайжан Премьер-лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші турда өткен матчта бакиндік команда сырт алаңда «Шамахымен» кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті. Қонақтар сапынан Джой-Ланс Микелс дубль жасап, алғашқы минутта және 76-минутта гол соқты. Алаң иелері тарапынан Диого Балау 58-минутта нәтижелі соққысымен көзге түсті.
Стас Покатилов бұл ойында негізгі құрамнан орын алып, толық матчты қақпада өткізді.
Айта кетейік, «Сабах» маусымдағы бірінші турда алаңға шықпаған еді. «Қарабаққа» қарсы жоспарланған кездесу кейінге қалдырылған болатын.
«Тобыл» турнир кестесінің көшін бастады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или