Драмалы матч: «Ұлытау» өз алаңында фаворитті ұтып кетті

Драмалы матч: «Ұлытау» өз алаңында фаворитті ұтып кетті

Қазақстан Премьер-лигасының 22-турында күтпеген нәтиже тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жезқазған қаласында өткен ойында «Ұлытау» өз алаңында «Ордабасыны» жеңді.

Шымкенттік клуб кездесуді сенімді бастағанымен, алғашқы соққыны жезқазғандықтар жасады. 10-минутта Дмитро Юсов мергендігімен көзге түсіп, есеп ашты. Екінші таймда «Ордабасы» ойын тізгінін қолға алып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Соның нәтижесінде 76-минутта Зикрилло Сұлтаниязов таразы басын теңестірді. Дегенмен, көп ұзамай Георгий Бугулов бұрыштан келген допты баспен қақпаға дәл бағыттап, шешуші голдың авторы атанды.

Қосымша уақытта шымкенттік команда есепті қайта теңестіруге жақын болды, алайда Артур Молдақараев орындаған пенальти қақпа бағанасынан қайтты.

Осы жеңістің арқасында «Ұлытау» қоржынына 17 ұпай салып, кестеде 12-орынға көтерілді. «Ордабасы» болса, 28 ұпаймен сегізінші орында қалды.

«Ұлытау» — «Ордабасы» 2:1 (1:0) Голдар: Юсов, 10 (1:0). Сұлтаниязов, 76 (1:1). Бугулов, 79 (2:1). Орындалмаған пенальти: Молдақараев, 90+4 (бағана).

«Елімай» жеңіске жетіп, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді

«Қайсар» мен «Атырау» жеңімпаз анықтай алмады

«Тобыл» турнир кестесінің көшін бастады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или