«Динамо» Ресей чемпионатында тарихи көрсеткішке жетті

«Динамо» Ресей чемпионатында тарихи көрсеткішке жетті

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов ойнайтын Мәскеудің «Динамосы» Ресей чемпионатында ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб ресми статистика жүргізіле бастаған 2009 жылдан бері алғаш рет үш ойында қатарынан қарсыластар қақпасына 23-тен астам соққы бағыттаған команда атанды. «Динамо» «Сочимен» ойында — 29 (1:1), ЦСКА-ға қарсы кездесуде — 24 (1:3), ал «Пари НН»-мен матчта — 28 (3:0) соққы жасады. Айта кетейік, соңғы 16 жылда Ресей біріншілігінде шамамен 4000 матч өткен.

Жаңа маусымда Бақтиер Зайнутдинов «Динамо» сапында төрт ойын өткізді (үшеуі — РПЛ-де, біреуі — Ресей кубогында). Әзірге ол нәтижелі көрсеткішімен көзге түскен жоқ.

Гафин: Зайнутдинов секілді ойыншылар – саналы таңдау

Босниялық бұрынғы ойыншы Алматы клубына сәттілік тіледі

Семейде «Елімай» өз алаңында «Қызылжарды» тізе бүктірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или