Чемпиондар лигасындағы плей-офф матчын Мариани бастаған бригада жүргізеді

Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы ойынды Италиядан келген төрешілер тобы басқарады, деп хабарлайды Prosports.kz. Бас қазы болып Маурицио Мариани тағайындалды.
Оған көмекші ретінде Даниеле Биндони мен Альберто Тегони жұмыс істейді. VAR жүйесіне Марко Ди Белло мен Валерио Марини жауап береді, ал төртінші төреші қызметін Маттео Маркетти атқарады.
Кездесу 15 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Бәсеке сағат 20:00-де басталады.
Айта кетейік, бұл — «Қайраттың» биылғы еурокубок маусымындағы италиялық төрешілерге тапсырылған екінші ойыны. Бұған дейін алматылықтар «Олимпияны» (2:0) дәл осы Маркетти басқарған матчта жеңген еді.
Гафин: Зайнутдинов секілді ойыншылар – саналы таңдау
Босниялық бұрынғы ойыншы Алматы клубына сәттілік тіледі
Семейде «Елімай» өз алаңында «Қызылжарды» тізе бүктірді