Ислам Махачев: Хабибтің сөзінің себебі – жаңа салмаққа көшу

Ислам Махачев алдағы Джек Делла Маддаленаға қарсы айқас туралы Хабиб Нурмагомедовтің пікіріне тоқталды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұған дейін Хабиб бұл жекпе-жек Исламның карьерасындағы ең қиын сынақ болады деген еді.
«Неге Хабиб олай айтты? Себебі бұл біз үшін жаңа қадам, жаңа салмақ. Бұған дейін біз мұндай жасамадық — жоғары салмаққа көшу. Дайындық та бөлек, спарринг-серіктестер де өзгеше. Қазір көп нәрсені өзгертуге тура келіп жатыр», – деді Махачев «Спорт Шредингерге» берген сұхбатында.
Махачев пен Маддаленаның кездесуі қараша айында Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін UFC 322 турнирінде жоспарланған. Маддалена белдікті мамырда Белал Мұхаммедті жеңіп иеленген болатын. Ал Исламға чемпиондық мүмкіндік Шавкат Рахмонов жарақат алғаннан кейін берілді. Турнирдің өзі әлі ресми түрде бекітілген жоқ.
Алджамейн Стерлинг Волкановскиді титулды айқасқа шақырды