Гафин: Зайнутдинов секілді ойыншылар – саналы таңдау

Мәскеулік «Динамо» директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Гафин Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың «Бешікташттан» ауысуына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бұл трансфердің тиімділігін маусым барысындағы ойын мен нәтижелер көрсетеді. Бірақ бұлар – тәжірибелі футболшылар, ұлттық құрамалардың ойыншылары, жаттықтырушылар штабы оларды жақсы біледі. Біздің таңдауымыз ойланбай жасалған қадам емес. Біз селекцияда сапалы ойыншыларды таңдаймыз, ол ресейлік болсын немесе легионер болсын, бәрібір», – деді Гафин РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұған дейін «Динамо» Швейцарияның «Сьон» клубында ойнаған ресейлік жартылай қорғаушы Антон Миранчукті қатарға қосқан еді.
Босниялық бұрынғы ойыншы Алматы клубына сәттілік тіледі