Алджамейн Стерлинг Волкановскиді титулды айқасқа шақырды

Америкалық файтер Алджамейн Стерлинг аустралиялық Александр Волкановскиге қарсы чемпиондық жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жаңа салмақта бұрын белдікке таласқан мықты қарсыласпен күш сынастым. Волкановскиге үлкен құрмет — ол керемет жігіт! Чемпиондық айқаста онымен кездесуге қуаныштымын», — деді америкалық файтер UFC-дің ресми арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, жуырда Стерлинг Шанхайда өткен UFC Fight Night 257 турнирінде Брайан Ортеганы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді. Бұл кездесу аралық салмақта өтті. Ал Александр Волкановски әлі күнге дейін UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы болып отыр.
UFC-дің экс-чемпионы Джошуамен реванш өткізгісі келеді
UFC Шанхай турнирінен кейінгі бонус иегерлерін атады
Алматыда NAIZA лигасының турнирі өтеді
UFC тарихындағы алғашқы Қазақстан – Қырғызстан жекпе-жегінде Нұрғожай жеңілді