Наталья Наговицына көктемге дейін Жеңіс шыңында қалады

Наталья Наговицына көктемге дейін Жеңіс шыңында қалады

Ресейлік альпинист Наталья Наговицына Қырғызстандағы Жеңіс шыңында көктемге дейін тауда қалатын болды, деп хабарлайды Prosports.kz. Себебі бұл маусымдағы өрмелеу жұмыстары ресми түрде аяқталған.

Ақпарат көзінің дерегінше, альпинист отырған болуы мүмкін деген шатырға іздеу тобы тек келесі жылы қайта оралады. Соңғы кадрларда құтқарушылар 6100 метр биіктікте боранды қақ жарып алға жылжығаны байқалады. Ал Наталья бұдан да жоғары – 7140 метрде қалған, ол жақтағы ауа райы тіпті қатал.

Оқиға 12 тамызда болған. 47 жастағы спортшы шыңнан түсу кезінде аяғын сындырып, жүрісін жалғастыра алмаған. Қолында тек ұйықтайтын қап, бүлінген шатыр, газ пеш және аздаған су қалған, ал тамағы болмаған.

Қазіргі таңда оның қазасы ресми түрде расталған жоқ. Ресей альпинизм федерациясы бұл ақпаратты әзірге құптамаған. Айта кетейік, төрт жыл бұрын дәл осындай биіктікте оның күйеуі Сергей Наговицын Хан-Тәңірі шыңын бағындыру кезінде инсульт алып көз жұмған еді. Наталья сол кезде де өлім қаупіне қарамай, құтқарушылар жеткенше жұбайының жанында қалған болатын.

Қазақстан спортшысы байдарка және каное есуден әлем чемпионатының финалына шықты

Миландағы әлем чемпионатында қазақстандықтар жартылай финалға шықты

Қазақстандық суда жүзуші әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или