Ресейлік футболшыны Орта Азиядан келген мигранттар ұрып өлтірді

Ресейлік футболшыны Орта Азиядан келген мигранттар ұрып өлтірді

«Русская община Щелково» әуесқой клубының футболшысы Арсений Ерошевич Щёлковода түнгі клуб жанында соққыға жығылып, көз жұмды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, 17 тамызда Ерошевич пен екі ер адамның арасында Щёлководағы түнгі клубтардың бірінде жанжал шыққан. Көшеге шыққан соң спортшыға бірнеше адам жабылып, олардың бірі артынан соққы жасаған. Салдарынан футболшы жерге құлап, басын асфальтқа соғып алған. Ол есінен танып қалғанына қарамастан, бұзақылар жерде жатқанына қарамастан тепкілеген.

Футболшы ашық бас сүйек жарақатымен, ми гематомасымен және көмей жыртылуымен жансақтау бөліміне жеткізілді. Ол комаға түсіп, есін жия алмады.

Оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен іс қозғалды. Күдіктілер қашып кетуге талпынғанымен, полицейлер оларды Нижний Новгородтан ұстады. Ұсталғандар арасында Орта Азия елдерінің бірінің 2005 жылы туған азаматы және 2001 жылғы жергілікті тұрғын бар.



«Манчестер Сити» португалиялық қорғаушымен келісімшарт мерзімін ұзартты

44 жастағы қақпашы әлем рекордын жаңартты

Винисиус Бразилия ұлттық құрамасына шақырылмайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или