Андрей Васильев кубок алдындағы матчта жарақат алды

Андрей Васильев кубок алдындағы матчта жарақат алды

«Қызылжар» клубының қорғаушысы Андрей Васильев Қазақстан кубогының жартылай финалындағы қарымта ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оған футболшының 23 тамызда Елімайға қарсы ойында алған жарақаты себеп болған. Ойын эпизодтарының бірінде Васильев жарақат алып, 22-минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды. Еске салайық, матчта Андрейдің клубы 0:2 есебімен есе жіберді.

«Ордабасымен» қарымта кездесу 28 тамызда өтеді, бірақ қорғаушының осы күнге дейін толық қалпына келу мүмкіндігі өте аз. Осыған байланысты «Қызылжардың» жаттықтырушылар штабына қорғаныс шебінде жаңа шешімдер іздеуге тура келеді.

Петропавлда өткен жартылай финалдың алғашқы ойыны тең аяқталды – 0:0. Сонымен қатар, бұған дейін «Қызылжардың» негізгі ойыншысы Илья Мартынович клубтан өз еркімен кеткен болатын.



Семейде «Елімай» өз алаңында «Қызылжарды» тізе бүктірді

«Жеңіс» астаналық дербиде «Астананы» тізе бүктірді

«Қайсар» мен «Атырау» жеңімпаз анықтай алмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или