Роналду төрт түрлі клубта жүзден асыра гол соқты

«Аль-Наср» футбол клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду төрт түрлі клуб сапында 100 гол соққан тарихтағы алғашқы ойыншы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
23 тамызда «Аль-Наср» Сауд Арабиясы Суперкубогында «Аль-Ахлиден» жеңіліп қалды. Осы ойында Роналду «Аль-Наср» сапындағы 100-голын пенальтиден соқты.
Айта кетейік, Роналду «Реал Мадрид» сапында 450, «Манчестер Юнайтедте» 145, «Ювентус» сапында 101 және «Аль-Наср» командасында 100 гол соққан.
44 жастағы қақпашы әлем рекордын жаңартты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или