Қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық Юсуф Ашрапов (72 келі) грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. 

Қазақстандық балуан 3-орын үшін грекиялық Арионас Колицопулостан 2:0 есебімен басым түсті.

Отандасымыз 1/8 финалда армениялық Гаспар Тертерянға 1:3 есебімен жол беріп қойған еді. Ол кейіннен әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл қазақстандық балуанға жұюаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік берді.

Жұбаныш белдесуінде ол алдымен болгариялық Сергей Стоевті 8:3, әзербайжандық Сеймур Гасимовті 5:3 есебімен қапы қалдырып кетті.

Осылайша Юсуф Ашрапов ел құрамасы қоржынына үшінші медальды салды. Қазірге дейін Диас Сейітқалиев (82 келі) алтын алса, Арсен Жұма (55 келі) қола жүлдегер атанды.

Әлем чемпионатында грек-рим күресінен бапкерлер үшеуінен өзге Саламат Мұратұлы (60 келі), Дамир Ибрашов (63 келі), Әлібек Тұрлығазы (67 келі), Ақжан Ықыласов (77 келі), Темірлан Тұрдақын (87 келі), Нұрасыл Аманалы (97 келі), Қуаныш Амангелді (130 келі) сынды спортшыларға сенім білдірді.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или